
Турнирге 1 жоғары оқу орны мен 13 колледжден барлығы 15 команда қатысып, жастар командалық біріншілікте өзара бақ сынады.
🏆 Жарыс барысында командалар алаңда шеберлік пен ұйымшылдық танытып, жүлделі орындар үшін бәсекеге түсті. Турнир жастар арасында салауатты өмір салтын насихаттауға, командалық рухты нығайтуға және белсенді азаматтық ұстанымды қалыптастыруға бағытталды.
⚽ Жарыс қорытындысы төмендегідей:
Мини футбол
1 орын - Ақтөбе индустриалды - кәсіптік колледжі
2 орын - Ақтөбе құрылыс - монтаж колледжі
3 орын - Ақтөбе көлік, байланыс және жаңа технологиялар колледжі
Үздік қорғаушы - Қанатбай Дініслам
Үздік шабуылшы - Чингиз Жанарыс
Үздік нәтиже көрсеткен жеңімпаздар мен жүлдегерлер марапатталды.








