«Кешкі кітапхана» жобасы аясында «Поэзия шеберханасы» шығармашылық алаңы өтті

    «Кешкі кітапхана» жобасы аясында «Поэзия шеберханасы» шығармашылық алаңы өтті

    Жетісу облысының С.Сейфуллин атындағы орталық кітапханасында «Кешкі кітапхана» жобасы аясында «Мөлдір өлең» ұлттық поэзиялық жобасының ақындарымен «Поэзия шеберханасы» атты шығармашылық алаңы өтті.

    Әдеби кешке Ұлытау облысынан арнайы келген ақындар – Қазақстан Республикасының Жазушылар одағының мүшелері Абай Ораз, ақын, журналист, Қазақстан Республикасының Жазушылар және

    Журналистер одағының мүшесі Мұқағали Сейітқазы және дәстүрлі әнші Ардақ Мұқышев қатысты.

    Сонымен қатар шараға Жетісу өңірінің ақындары – Халықаралық Түрксой жазушылар одағының және Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, «Janr» әдеби клубының мүшесі Азамат Нұрмұхан, ақын, жазушы, журналист, «Мизам» жылжымалы әдебиет мектебінің дәріскері, республикалық және облыстық жыр мүшәйраларының жеңімпазы Мұхтар Күмісбек және жас ақын, көптеген ән сөздерінің авторы Бақыт Қалибек қатысты.

    Шараның ашылуында Жетісу облысының С.Сейфуллин атындағы орталық кітапханасының директоры Шаяхметова Самал Қанатқанқызы құттықтау сөз сөйлеп, шығармашылық кездесудің маңыздылығына тоқталды.

    Кездесу барысында Ұлытау мен Жетісу ақындары өздерінің шығармаларын оқып, шығармашылық жолдары, өлеңнің тууы, шабыт көздері, ақындық ізденіс пен сөз өнерінің ерекшеліктері туралы ой бөлісті. Сонымен қатар, кітапханашы қыздар ақындардың өлеңдерін мәнерлеп оқып, жыр жолдарының мазмұны мен көркемдігін көпшілікке таныстырды.

    Әдеби кеш барысында ақындардың жырлары оқылып, өнерпаздардың орындауында әндер шырқалып, қатысушыларға көтеріңкі көңіл күй сыйлады.

    Шара соңында ақындарға шығармашылық шабыт, қаламдарына қуат, толымды туындылар мен жаңа жетістіктер тілектері білдірілді. Кездесу әсерлі жырлар мен әсем әндерге ұласып, қатысушылардың көңілінде жылы әсер қалдырды.

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Жетісу облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы" жаңалықтары