Ә. Қашаубаев атындағы мемлекеттік филармонияның жаңа маусымы бастау алды

    Ә. Қашаубаев атындағы мемлекеттік филармонияның жаңа маусымы бастау алды

    Семейде Әміре Қашаубаев атындағы мемлекеттік филармонияның 81-ші концерттік маусымының ашылуына арналған «Әуелеген әуендер» атты концерт өтті. Өнерсүйер қауымды бір арнаға тоғыстырған кешке қала әкімі Әділет Нұрсағатұлы мен филармония директоры Секен Тұрысбекұлы қатысты.

    Әділет Нұрсағатұлы Берік Уәлидің қолдауымен филармония алдындағы қоғамдық кеңістіктің қайта абаттандырылғанын атап өтті. Бұл жұмыс өнер ордасының айналасына көрік беріп, тұрғындар мен қала қонақтары үшін жайлы орта қалыптастыруға мүмкіндік берді.

    «Әміре Қашаубаев атындағы филармония алдындағы қоғамдық кеңістік өткен ғасырдың 80-жылдарынан бері күрделі жөндеу көрмеген еді. Берік Уәлиұлының тапсырмасымен бұл аумақ қайта жаңарып, жаңа келбетке ие болды. Өнер ордасының айналасымен бірге шығармашылық тынысы да жаңарғандай. Секен Тұрысбекұлы басшылыққа келгелі әртістердің де жаңа серпін алып, тың шабытпен еңбек етіп жүргені байқалады», – деді қала әкімі.

    «Әуелеген әуендер» концерті көрерменге өнердің әсемдігі мен әуеннің құдіретін сезіндіретін рухани кеш сыйлады. Жаңа маусымның шымылдығын ашқан бұл басқосу өнерпаздар мен тыңдарман арасындағы байланысты нығайтып, алдағы шығармашылық ізденістерге жол ашты.

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Семей қаласының әкімдігі" жаңалықтары