
Аудан әкімі Арман Абдуллаев Жарты төбе ауылдық округіне қарасты Ынтымақ және Жібек жолы ауылдық округіне қарасты Қарабау елді мекендеріне арнайы барып, ішкі көшелерге асфальт жамылғысын төсеу жұмыстарының барысын бақылап, атқарылып жатқан жұмыстардың сапасы мен қарқынын бақылады.
Ынтымақ елді мекеніндегі Р.Мырзахметов, Аппаз ата, Т.Нурманов, А.Исмаилов, Гагарин, көшелеріне орташа жөндеу жұмыстарын «СБМ и Компания» ЖШС-гі жүзеге асыруда. Жөндеу жұмыстарымен қамтылатын көшелердің жалпы ұзындығы 3,9 шақырымды құрайды.
Сонымен қатар, Қарабау елді мекеніндегі Жүсіпов көшесіне орташа жөндеу жұмыстары мердігер мекеме «Андас-групп» ЖШС-гі тарапынан жүргізілуде. Асфальт жамылғысы төселетін көшенің жалпы ұзындығы 0,84 шақырымды құрайды.
Қазіргі таңда мердігер мекемелер тарапынан жол негізін дайындау және асфальт төсеу жұмыстары жүргізілуде.
Аудан басшысы жұмыс барысымен танысып, тапсырыс беруші ауданның жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысына және мердігер мекеме өкілдеріне құрылыс жұмыстарын белгіленген техникалық талаптарға қатаң сәйкес жүргізуді, орындалатын жұмыстардың сапасына ерекше мән беріп, оларды белгіленген мерзімде аяқтауды тапсырды.
Сарыағаш ауданы әкімінің баспасөз қызметі








