«Сарықопада» күзгі мониторинг жүргізілді «Алтын Дала» мемлекеттік табиғи резерватының «Сарықопа» учаскесінде 2026 жылғы күзгі ғылыми-мониторинг жұмыстары жүргізілді Далалық жұмыстар барысында мамандар сүтқоректілерге есеп жүргізіп, фототұзақтар орнатты. Сондай-ақ өзендер мен көлдердің деңгейі мен жалпы жағдайы, өсімдік жамылғысы және табиғи экожүйелердегі маусымдық өзгерістер бақыланды Мониторингтің маңызды бағыттарының бірі — жануарлардың маусымдық қозғалысы мен көші-қон бағыттарын бақылау. Жиналған ғылыми деректер SMART жүйесі арқылы тіркелді Нәтижесінде сүтқоректілер фаунасының жалпы жағдайы тұрақты деп бағаланды. Көші-қон жолдары сақталған, табиғи экожүйелердің жағдайында елеулі өзгерістер анықталған жоқ Осындай тұрақты бақылау табиғатта болып жатқан өзгерістерді дер кезінде анықтап, биоалуантүрлілікті сақтау үшін қажетті ғылыми деректерді жинауға мүмкіндік береді
Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз
Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.









