2026 жылғы 17 қыркүйекте Ұлытау облысы Әділет департаментінің басшысы А.А. Айнабеков «Құқықтық көмек» жобасын іске асыру аясында «Әділет» партиясының қоғамдық қабылдауында азаматтарды жеке қабылдады.

    2026 жылғы 17 қыркүйекте Ұлытау облысы Әділет департаментінің басшысы А.А. Айнабеков «Құқықтық көмек» жобасын іске асыру аясында «Әділет» партиясының қоғамдық қабылдауында азаматтарды жеке қабылдады.
    Қабылдау барысында азаматтарға тегін құқықтық көмек көрсетіліп, әділет органдарының құзыретіне жататын мәселелер бойынша құқықтық түсіндірмелер берілді.
    «Құқықтық көмек» жобасының негізгі мақсаты – білікті заң көмегінің қолжетімділігін қамтамасыз ету, халықтың құқықтық сауаттылығын арттыру және азаматтардың заңды құқықтары мен мүдделерін қорғауға жәрдемдесу.
    Жеке қабылдау қорытындысы бойынша азаматтарға тиісті құқықтық түсіндірмелер мен ұсынымдар берілді.

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Ұлытау облысының Әділет департаменті" жаңалықтары