«Кезекті XLV сессиясына ХАБАРЛАМА»

    «Кезекті XLV сессиясына ХАБАРЛАМА»

    Қалалық мәслихаттың VIII шақырылған депутаттарының кезекті XLV сессиясы 2026 жылдың 29 қыркүйегінде сағат 16.00- да тікелей трансляциялау арқылы қалалық мәслихаттың мәжіліс залында өтеді

    Сессия күн тәртібінде:

    1. Приозерск қаласы әкімінің өзіне жүктелген функциялар мен міндеттемелердің орындалуы туралы есебі;
    2. Қаланың 2026-2027 жылдарға қысқы жылу беру мерзіміне дайындығы туралы есебі. (баяндаушы: Приозерск қаласы әкімінің орынбасары Т.Айдарханов);
    3. Жасөспірімдер мен кәмелетке толмаған жастар жөніндегі комиссиясының атқарылып жатқан жұмысы туралы есебі. (2026 жылға) (баяндаушы: Приозерск қаласы әкімінің орынбасары Ұ.Алмас);
    4. Приозерск қаласында жемқорлыққа қарсы күрес бойынша атқарылып жатқан жұмысы туралы есебі. (2026 жылы) (баяндаушы: Приозерск қаласы әкім аппаратының басшысы Ж.Ануарбеков);
    5. Приозерск қаласының құрылыс бөлімінің атқарылған жұмысы туралы есебі. (2026 жылы), (баяндаушы: құрылыс бөлімінің басшысы Ж.Сәрсембеков)

    6. Жұмыссыздық деңгейін төмендету бойынша атқарылған шаралар туралы есебі. (2026 жылы), (баяндаушы: Приозерск қаласының мансаптық орталығының басшысы М.Акимова)

    7.Әртүрлі мәселелер.

    Қалалық мәслихат төрағасы А.Исатаев

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Приозерск қалалық мәслихатының аппараты" жаңалықтары