ВИЦЕ-МИНИСТР ТӨЛЕБИ АУДАНЫНДАҒЫ ӨНДІРІС ЖӘНЕ АГРОӨНЕРКӘСІП НЫСАНДАРЫНЫҢ ЖҰМЫСЫМЕН ТАНЫСТЫ

    ВИЦЕ-МИНИСТР ТӨЛЕБИ АУДАНЫНДАҒЫ ӨНДІРІС ЖӘНЕ АГРОӨНЕРКӘСІП НЫСАНДАРЫНЫҢ ЖҰМЫСЫМЕН ТАНЫСТЫ
    🇰🇿 Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика вице-министрі Ерлан Ермекұлы Сағынаев Төлеби ауданына жұмыс сапары барысында бірқатар өндірістік және ауыл шаруашылығы нысандарын аралап, кәсіпкерлік жобалардың жүзеге асырылу барысымен танысты. Сапар аясында ауданның өндірістік және агроөнеркәсіптік әлеуетін арттыруға бағытталған жобалар, олардың қазіргі мүмкіндіктері мен алдағы даму жоспарлары қаралды.
    ✅ Алдымен вице-министр «KAZPLAST» ЖШС-нің қызметіне назар аударды. Кәсіпорын құрамындағы тігін фабрикасы іске қосылып, жылына 90 мың дана қысқы арнайы жұмыс киімдерін өндіруге мүмкіндік береді. Мұнда арнайы киім тігу жолға қойылған. Қазіргі уақытта өндірістік қуатты арттыру және жаңа жұмыс орындарын ашу бағытында жұмыстар жүргізілуде. Кәсіпорын өкілдері өндірістің қазіргі ахуалы, өнім көлемі және алдағы жоспарлары жөнінде мәлімет берді.
    ✅ Бұдан кейін Ерлан Ермекұлы Тасарық елді мекеніндегі жүзім шаруашылығын аралады. Шаруашылықта жүзім өсіру бағытында атқарылып жатқан жұмыстар көрсетіліп, ауыл шаруашылығындағы кәсіпкерлік бастамалардың өңір экономикасын дамытудағы рөліне назар аударылды.
    ✅ Сонымен қатар Зертас елді мекеніндегі «Azia Milk» шаруа қожалығының тыныс-тіршілігімен танысты. Қазіргі таңда шаруашылықта тәулігіне 250 литр сүт өндірілуде. Алдағы уақытта қуаттылықты арттырып, жылына 1300–1350 тоннаға жуық сүт өндіру жоспарлануда. Шаруашылық өкілдері мал басын көбейту, өндірісті кеңейту және өнім көлемін ұлғайту жөніндегі жоспарларын ортаға салды.
    🌿 Жұмыс сапары барысында кәсіпкерлік нысандардың өндірістік мүмкіндіктері, жүзеге асырылып жатқан жобалар және оларды одан әрі дамыту перспективалары сараланды.
    ⚜️ Вице-министр кәсіпкерлермен кездесулер кезінде өндіріс көлемін ұлғайту, жаңа жұмыс орындарын ашу, кәсіпкерлік бастамаларды қолдау және ауыл шаруашылығы саласының әлеуетін тиімді пайдалану мәселелеріне назар аударды.
    ©️ Төлеби ауданы әкімінің баспасөз қызметі
    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Төлеби ауданы әкімінің аппараты" жаңалықтары