"Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитетінің Қостанай облысы бойынша департаменті" РММ·Жаңалықтар мұрағаты

Профилактикалық бақылау аясында, Департамент басшысы А. Е. Мекебаева Қостанай облысы әкімдігінің жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының "№ 3 Рудный арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығы" КММ-де болды.
Сапар барысында қызмет алушылардың тұру жағдайлары, үй-жайлардың жай-күйі, тұрмыстық жағдайлар, сондай-ақ арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетуді ұйымдастыру тексерілді.









