
Ақтау қаласында санитарлық тазалық пен абаттандыру жұмыстары жүйелі түрде жүргізілуде. Қала аумағындағы көшелер, жаяу жүргіншілер жолдары мен қоғамдық орындар тазаланып, ретке келтірілуде.
Коммуналдық қызмет мамандары арнайы техникалардың көмегімен жол жиектері мен тротуарларды құмнан, арамшөп пен тұрмыстық қалдықтардан тазалап, жиналған қоқыстарды шығару жұмыстарын атқаруда. Сонымен қатар, қоқыс контейнерлері ретке келтіріліп, жуылуда.
Осы бағыттағы жұмыстар белгіленген кестеге сәйкес күнделікті жалғасады.
Ақтау қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі









