ШҚО-ның BEREL клубының волейболшылары Азия ойындарын жеңіспен бастады

    ШҚО-ның BEREL клубының волейболшылары Азия ойындарын жеңіспен бастады

    Шығыс Қазақстан облысының BEREL клубының волейболшылары Aichi-Nagoya 2026 XX Азия ойындарында Қазақстан әйелдер құрамасының сапында сәтті өнер көрсете бастады.

    Турнирдегі алғашқы кездесуінде Қазақстан құрамасы Филиппин құрамасымен кездесіп, 3:1 есебімен жеңіске жетті.

    Ұлттық құрама сапында BEREL клубының өкілдері - Татьяна Яцкив пен Юлия Фоменко алаңға шықты.

    Юлия Фоменко матчты негізгі құрамда бастап, кездесудің алғашқы минуттарынан алаңда өнер көрсетіп, Қазақстан құрамасының турнирдегі алғашқы жеңісіне үлес қосты.

    BEREL клубының спортшылары үшін Азия ойындарына қатысу - халықаралық аренадағы маңызды кезең әрі Шығыс Қазақстанның атынан құрлықтың басты спорттық додасында өнер көрсету мүмкіндігі.

    Татьяна мен Юлияны сәтті бастамаларымен құттықтап, Қазақстан құрамасымен бірге алдағы ойындарда сәтті өнер көрсетулерін тілейміз!

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі" жаңалықтары