Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі мен Корея Республикасының Зияткерлік меншік министрлігі арасында зияткерлік меншік саласындағы өзара түсіністік туралы Меморандумға қол қойылды.

    Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі мен Корея Республикасының Зияткерлік меншік министрлігі арасында зияткерлік меншік саласындағы өзара түсіністік туралы Меморандумға қол қойылды.

    Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі мен Корея Республикасының Зияткерлік меншік министрлігі арасында зияткерлік меншік саласындағы өзара түсіністік туралы Меморандумға қол қойылды. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің атынан Меморандумға Қазақстан Республикасының Корея Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Исенали Асет Женисұлы қол қойды. Меморандум екі ел арасындағы зияткерлік меншік саласындағы ынтымақтастықты одан әрі дамытуға және нығайтуға бағытталған. Құжат аясында ақпарат пен тәжірибе алмасу, құзыретті органдар арасындағы өзара іс-қимылды дамыту, мамандардың кәсіби құзыреттерін жетілдіру, сондай-ақ осы салада бірлескен іс-шаралар мен бастамаларды іске асыру көзделген. Меморандумға қол қою Қазақстан Республикасы мен Корея Республикасы арасындағы зияткерлік меншік құқықтарын қорғау және сақтау саласындағы екіжақты ынтымақтастықты нығайтудағы маңызды қадам болып табылады. Сонымен қатар, озық тәжірибелермен алмасуға және заманауи тәсілдерді енгізуге қосымша мүмкіндіктер береді. Меморандум ережелерін іске асыру екі елдің тиісті мемлекеттік органдары арасындағы институционалдық және кәсіби ынтымақтастықты одан әрі дамытуға, сондай-ақ Қазақстан Республикасы мен Корея Республикасы арасындағы екіжақты қарым-қатынастарды нығайтуға ықпал етеді.

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Түркістан облысының Әділет департаменті" жаңалықтары