📢 Мүлік салығы:уақытында төлеп үлгеріңіз!
Құрметті салық төлеушілер!
2026 жылғы 1қазанға дейін жеке тұлғалардың 2025 жыл үшін мүлік салығын төлеу қажет екенін еске саламыз.
🏡 Салық жылжымайтын мүлік иелеріне: пәтерлерге, жеке тұрғын үйлерге, саяжайларға, гараждарға және басқа да мүлік объектілеріне қатысты.
💰 Есептелген салық сомасын банк қосымшалары, eGov,сондай-ақ Мемлекеттік кірістер комитетінің электрондық сервистері арқылы білуге және төлем жасауға болады.
⚠️ Төлемді кейінге қалдырмауға кеңес береміз. Белгіленген мерзім бұзылған жағдайда берешек сомасына өсімпұл есептеледі.
Салық бойынша есептеулеріңізді алдын ала тексеріп,салықты уақытында төлеңіз!
Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз
Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.









