Солтүстік Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитетінің департаменті·Жаңалықтар мұрағаты

2026 жылғы 15 қыркүйекте мемлекеттік еңбек инспекторы А.В. Сергеев Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасын сақтау тақырыбында "Стоматология" жеке мекемесінде семинар өткізді. Іс-шара барысында еңбек заңнамасының негізгі талаптары, еңбек қатынастарын ресімдеу, жұмыс уақыты мен демалыс уақытын сақтау, жалақыны уақтылы төлеу, сондай-ақ қауіпсіз еңбек жағдайларын қамтамасыз ету мәселелері қаралды. Семинарға қатысушыларға еңбек заңнамасы нормаларын қолданудың өзекті мәселелері бойынша түсініктемелер және келіп түскен сұрақтарға жауаптар берілді.









