«Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің білім басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің «Есіл ауданының білім бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі·Жаңалықтар мұрағаты

2 қыркүйек күні Есіл ауданында мектепке дейінгі ұйымдардың тәрбиеленушілері арасында «Қазақша қалай, балақай?» республикалық фестивалінің аудандық кезеңі өтті.
🌿 Фестиваль балалардың қазақ тіліне деген қызығушылығын арттыруға, сөздік қорын байытуға, мемлекеттік тілде қарым-қатынас жасау дағдыларын қалыптастыруға және мектеп жасына дейінгі балалар үшін қолайлы тілдік орта құруға бағытталған.








