ТАҒАЙЫНДАУ

    ТАҒАЙЫНДАУ

    Алена Сергеевна Лось 2026 жылдың 18 қыркүйте «Заградовка орта мектебі» КММ директоры болып тағайындалды.
    2015 - 2018 жылдары «Бастауыш білім беру» мамандығы бойынша Тюмень мемлекеттік университетінде оқыды. 2023-2025 жылдары Омбы мемлекеттік педагогикалық университетінде «Педагогикалық білім беру» бағыты бойынша оқып, педагогика ғылымдарының магистрі дәрежесін алды.
    Өзінің еңбек жолын 1994 жылы мәдениет саласында бастады, онда көркемдік жетекші болып, 1997 жылдан бастап мәдениет үйінің меңгерушісі ретінде жұмыс істеді.
    2011 жылдан бастап «Заградовка орта мектебі» КММ қызмет атқарды. 2011 жылдан 2016 жылға дейін аға тәлімгер болып жұмыс істеді. 2016 жылдан бастап директордың тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары лауазымында басқарушылық қызметті жүзеге асырды. Басшының бірінші біліктілік санаты бар - «басшы-көшбасшы». Тәрбие процесін, әлеуметтік, экологиялық, патриоттық және шығармашылық жобаларды іске асыруды, оқушылардың өзін-өзі басқаруын дамытуды, ата-аналармен, жұртшылықпен және әлеуметтік әріптестермен өзара іс-қимылды ұйымдастырды.
    Жұмыс істеген жылдары өзін бастамашыл және жауапты педагог және ұйымдастырушы ретінде көрсетті.
    15 жыл бойы «Есіл» хореографиялық ұжымының жетекшісі болып табылады, оның тәрбиеленушілері аудандық, облыстық және республикалық шығармашылық конкурстардың жеңімпаздары мен жүлдегерлері болып табылады.
    «Педагогикалық идеялар панорамасы» Республикалық байқауының екі мәрте жүлдегері атанды. Облыстық аттестаттау комиссиясының құрамына кіреді.
    Халықаралық вебинарларда өзінің педагогикалық тәжірибесін ұсынды, республикалық ғылыми-практикалық конференцияларға, семинарларға және басқа да кәсіби іс-шараларға қатысты.
    Жалпы еңбек өтілі - 32 жыл, педагогикалық өтілі - 15 жыл.
    2026 жылдың 18 қыркүйегінен бастап – «Заградовка орта мектебі» КММ директоры.

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "«Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің білім басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің «Есіл ауданының білім бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі" жаңалықтары