
Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің (бұдан әрі – Агенттік) Түркістан қаласындағы өңірлік өкілдері басқармасы бастығының 09.09.2026 жылғы №41 бұйрығына сәйкес, «Отырарауылнесие» Кредиттік серіктестігі» ЖШС, БСН 040540000986 (бұдан әрі – Кредиттік серіктестік) микроқаржы қызметін жүзеге асыруға арналған лицензиясынан айырылды.
«Микроқаржылық қызмет туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабы 2-тармағының 3) тармақшасына сәйкес уәкілетті органның жазбаша нұсқамаларын жүйелі түрде (қатарынан күнтізбелік он екі ай ішінде үш және одан көп рет) орындамауы лицензиядан айыру үшін негіздеме болды.
«Микроқаржылық қызмет туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабы, 9-тармағының талаптарына сәйкес, Кредиттік серіктестік Агенттік микроқаржылық қызметті жүзеге асыруға лицензиядан айыру туралы шешім қабылдаған күннен бастап күнтізбелік отыз күн ішінде өзінің атауынан «Кредиттік серіктестік» деген сөздерді, олардан туындайтын, көрсетілген заңды тұлғаның микрокредиттер беру жөніндегі қызметті жүзеге асыратынын болжайтын сөздерді немесе аббревиатураларды алып тастау арқылы қайта тіркеу рәсімін жүргізуге не қайта ұйымдастыру немесе тарату туралы шешім қабылдауға міндетті.
Микрокредит беру туралы шарттар бойынша орындалмаған міндеттемелері бар Кредиттік серіктестік клиенттері микрокредит беру туралы жасалған шарттардың талаптарына сәйкес, Кредиттік серіктестік алдындағы міндеттемелердің орындалуын бұзғаны үшін жауапты болады.
Сыртқы коммуникациялар басқармасы









