
Іс-шараның негізгі мақсаты – жаяу жүргіншілердің қатысуымен болатын жол-көлік оқиғаларының алдын алу, жол қозғалысы қағидаларын сақтау мәдениетін арттыру және жол қозғалысына қатысушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету.
Профилактикалық іс-шара барысында полиция қызметкерлері жаяу жүргіншілерге, жүргізушілерге және оқушыларға жол қозғалысы қағидаларын сақтау бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізуде.
Оқушыларға жолды тек белгіленген жаяу жүргіншілер өткелі арқылы өту, бағдаршамның рұқсат беретін белгісін күту, жолға шығар алдында айналадағы көлік қозғалысына мұқият назар аудару, сондай-ақ жол бойында қауіпсіз жүріп-тұру қағидалары түсіндірілуде.
Сонымен қатар жүргізушілерге жаяу жүргіншілер өткелдеріне жақындаған кезде жылдамдықты төмендету, жаяу жүргіншілерге жол беру және әсіресе білім беру ұйымдары орналасқан аумақтарда барынша сақ болу қажеттігі ескертілуде.
Жол қауіпсіздігі – ортақ жауапкершілік. Әрбір жол қозғалысына қатысушы белгіленген талаптарды сақтап, өз өмірі мен өзгенің қауіпсіздігіне жауапкершілікпен қарауы тиіс.








