Жаңа оқу жылы қарсаңында Ақсу қаласының мешіті жамағаты дәстүрлі «Мектепке жол» республикалық қайырымдылық акциясына белсенді түрде қатысты

    Жаңа оқу жылы қарсаңында Ақсу қаласының мешіті жамағаты дәстүрлі «Мектепке жол» республикалық қайырымдылық акциясына белсенді түрде қатысты

    Жаңа оқу жылы қарсаңында Ақсу қаласының мешіті жамағаты дәстүрлі «Мектепке жол» республикалық қайырымдылық акциясына белсенді түрде қатысты. Ауылдық округ әкімі Жұлдыз Қадылқызының бастамасымен, мешіт жамағаты атынан Қанат Шабанбаевтың қолдауымен іске асырылған игі шараның негізгі мақсаты – әлеуметтік жағдайы төмен, көпбалалы және көмекке мұқтаж отбасылардан шыққан балаларға қолдау көрсетіп, олардың жаңа оқу жылына қажетті құрал-жабдықтармен қамтамасыз етілуіне жәрдемдесу.
    Акция барысында мешіт жамағатының демеушілігімен 57 балаға мектеп сөмкелері, оқу құралдары, кеңсе тауарлары және басқа да қажетті заттар табысталды. Жамағат мүшелері қайырымдылық жасап, балалардың білім алуына қолдау көрсетуге өз үлестерін қосты.

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Павлодар облысы Май ауданы Саты ауылы әкімінің аппараты" жаңалықтары