
Ақ жаулықты анамызға Саты ауылдық округінің әкімі Гросс Жұлдыз Қадылқызы және Май ауданы мәслихатының депутаты Беккожина Нургуль Женисовна арнайы барып, ақжолтай тілектерімізді білдіріп, тәтті сыйлығымызды табыстады.
Ламига Гузаеровнаға зор денсаулық, ұзақ ғұмыр, отбасына амандық пен береке тілеп, жүрекжарды жылы лебіздерді жеткізді.
Жасыңызға жас қосылып, әр күніңіз қуанышқа, шаңырағыңыз шаттыққа толы болсын!









