Павлодар облысы Май ауданы Саты ауылы әкімінің аппараты
«Саты селолық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі Аудан әкімінің 2010 ж 24 қарашадағы «Май ауданының басқару схемасы мен аудан бюджетінен қаржыландырылатын аудандық атқарушы органдардың құрылымы туралы» № 292/11 қаулысымен бекітілген.
Жаңалықтар
АшуЖаңа оқу жылы қарсаңында Ақсу қаласының мешіті жамағаты дәстүрлі «Мектепке жол» республикалық қайырымдылық акциясына белсенді түрде қатысты
АшуСаты ауылдық округінің әкімі Гросс Жұлдыз Қадылқызы шөп науқаны кезінде дала жұмыстарына шығып, шөп дайындау жұмыстарын жүргізіп жатқан тұрғындармен түсіндіру жұмыстарын жүргізуде.
Ашу«Таза Қазақстан» акциясы аясында сенбілік өткізілді
АшуБүгін, 11 қыркүйек 2026 жылы, Саты ауылдық округінің тұрғыны тыл еңбек ардагері Гарипова Ламига Гузаеровна шаңырағына барып, 93 жасымен туған күнімен құттықтады.
АшуСаты ауылында жаңа медициналық пункттің құрылысы аяқталуға жақын
АшуЖСН бойынша дауыс беру үшін өз учаскеңізді табыңыз
Құжаттар
АБАЙ – ҰЛТ РУХАНИЯТЫНЫҢ ТЕМІРҚАЗЫҒЫ
10 тамыз 2026 жылы– Абай күніне орай Май ауданының Саты ауылында тағылымы мол мәдени іс-шара өтті. Осы айтулы күнге орай ауыл тұрғындарына "Ұлы халықтың - Ұлы Абайы концерттік программа келіп, ұлы ақын Абай Құнанбайұлының рухани мұрасын насихаттауға арналған концерттік бағдарламасын ұсынды.Концерт барысында көрермендерге Абайдың тағылымы терең өлеңдері мен қара сөздерінен үзінділер ұсынылып, ақынның сырлы әндері орындалды. Шығармашылық ұжымның өнері ауыл тұрғындарына көтеріңкі көңіл күй сыйлап, ерекше әсер қалдырды.Абай шығармашылығы – адамгершілікті, білім мен еңбекті, ар-ұят пен ізгілікті жоғары қоюға үндейтін баға жетпес рухани мұра. Ұлы ақынның «Адамзаттың бәрін сүй, бауырым деп» деген тағылымды ойы бүгінгі күні де өз маңызын жоғалтқан жоқ.Осындай мәдени кездесулер арқылы Абайдың шығармашылығы ауыл тұрғындарына, әсіресе жас ұрпаққа кеңінен насихатталып, ұлттық руханият пен мәдени құндылықтардың сабақтастығы нығая түседі.Абай мұрасы – бір күннің ғана еншісі емес. Ол – ұрпақтан ұрпаққа жалғасатын мәңгілік рухани қазына.