Жетісу облысында ««Талдықорған акционерлік көлік-электр желілік компаниясы» акционерлік қоғамының пресс-туры өтті

    Жетісу облысында ««Талдықорған акционерлік көлік-электр желілік компаниясы» акционерлік қоғамының пресс-туры өтті

    Шараға Жетісу облыстық мәслихаты төрағасының міндетін атқарушы Римма Салықова қатысты. «ТАТЭК» АҚ Жетісу облысындағы 205 мыңнан астам абонентті электр энергиясымен қамтамасыз етеді, сондай-ақ ұзындығы 12,6 мың км-ден асатын желілерге қызмет көрсетеді. Инфрақұрылымның тозуын азайту үшін компания инвестициялық бағдарламаны белсенді түрде жүзеге асыруда. 2026 жылға арналған инвестициялардың жалпы көлемі 1 950 000 мың теңгені құрайды, сонымен қатар 7 бірлік арнайы техника сатып алынды.

    Жаңғырту жұмыстары аясында тозған ағаш тіректерді темірбетон тіректерге ауыстыру және желілерді жаңарту бойынша ауқымды жұмыстар жүргізілуде. Текелі қаласындағы №67-07, №68-02 және №68-05 ӘЖ (ВЛ) объектілерінде жалпы саны 730-дан астам жаңа тірек орнатылды, жүздеген абонент үшін трансформаторлық қосалқы станциялар мен желілер монтаждалуда.

    Сарқан ауданында ұзындығы 18,8 км болатын 35 кВ «Екіаша–Теректі» әуе электр желісін реконструкциялау жұмыстары жалғасуда.

    Жаркент қаласындағы №134 ҚС (ПС) шығатын №42 және №44 желілерінде 750-ден астам темірбетон тірек орнатылып, жұмыстар аяқталуға жақындады.

    Жүргізіліп жатқан жаңғырту жұмыстары өңірді электр энергиясымен үздіксіз қамтамасыз ету сенімділігін арттыруға, желілердің өткізу қабілетін ұлғайтуға және техникалық шығындарды азайтуға мүмкіндік береді.

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Жетісу облыстық мәслихатының аппараты" жаңалықтары