ҚЫЗЫЛОРДАДА СТУДЕНТТЕРГЕ ЗАҢ МЕН ТӘРТІПТІҢ МАҢЫЗЫ ТҮСІНДІРІЛДІ

    ·Жаңалықтар мұрағаты
    ҚЫЗЫЛОРДАДА СТУДЕНТТЕРГЕ ЗАҢ МЕН ТӘРТІПТІҢ МАҢЫЗЫ ТҮСІНДІРІЛДІ

    «Заң мен тәртіп» идеологиясын ілгерілету, жастар арасында құқықтық мәдениетті қалыптастыру, сондай-ақ олардың құқықтық және цифрлық сауаттылық деңгейін арттыру мақсатында «Болашақ» университетінің «Bolashak Hall» студенттер сарайында «Заң мен тәртіп – қауіпсіз қоғамның негізі» тақырыбында студенттермен кездесу өтті.

    Іс-шараға Қызылорда облысы Полиция департаменті бастығының бірінші орынбасары полиция полковнигі Тоқтыбаев Серік Әбдімәуленұлы , Қызылорда облысы Полиция департаментінің Қоғамдық қауіпсіздік басқармасының бастығы полиция полковнигі Жаукеев Ердаулет Баянбайұлы, облыс прокурорының кәмелетке толмағандар жөніндегі аға көмекшісі Байкенже Дінахмет Алмасбекұлы, Қызылорда облысының дін істері басқармасының «Дін мәселелерін зерттеу орталығының» теолог маманы Оспанов Бақтияр Есенгелдіұлы, «Жастар Рухы» жастар қанаты облыстық филиалының төрағасы Баймұрза Әсетхан Қазиханұлы, Полиция департаменті облыстық Профилактикалық кеңесінің мүшесі, блогер, контент-мейкер Балтақожа Олжас Айтқожаұлы, Қызылорда облыстық білім басқармасының «Қызылорда облыстық психологиялық қолдау орталығы» КММ директоры Баянова Жумагүл Тасболатқызы және өзгеде Полиция департаментінің сала басшылары қатысты.

    Жиынға университеттер мен колледждерден 1200-ге жуық студент қатысып, өзекті мәселелер бойынша пікір алмасты.

    Кездесудің негізгі мақсаты – жастар арасында заң мен тәртіп құндылықтарыннасихаттау, құқықтық сауаттылықты арттыру, құқық бұзушылықтың, есірткі қылмысының және интернет-алаяқтықтың алдын алу, сондай-ақ қауіпсіз орта қалыптастырудағы жастардың жауапкершілігін түсіндіру.

    Жиында Қызылорда облысы Полиция департаменті бастығының бірінші орынбасары полиция полковнигі Тоқтыбаев Серік Әбдімәуленұлы сөз сөйлеп, қоғамдағы қауіпсіздікті қамтамасыз етудегі заң мен тәртіптің маңыздылығына тоқталды. Сонымен қатар киберқылмыстың негізгі түрлері, интернет желісінде жиі кездесетін алаяқтық схемалар, жеке деректер мен қаржылық ақпаратты қорғау тәсілдері туралы түсіндірді.

    Сондай-ақ дроппер ретінде заңсыз әрекеттерге қатысқаны үшін көзделетін қылмыстық жауапкершілікке ерекше назар аударылды. Атап айтқанда, банктік карталарды, шоттарды немесе электрондық әмияндарды үшінші тұлғаларға беру секілді әрекеттердің құқықтық салдары түсіндірілді. Мұндай әрекеттердің қылмыстық жауапкершілікке әкеп соғуы мүмкін екені ескертілді.

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "" жаңалықтары