
Ұлытау облысында қызметтік міндеттерін атқару барысында ерлік пен жанқиярлық танытып, адам өмірін құтқаруға үлес қосқан азаматтарды марапаттау рәсімі өтті.
Марапаттау рәсіміне Ұлытау облысы әкімінің орынбасары Болат Серикович Жумабеков, Ұлытау облысы Төтенше жағдайлар департаментінің бастығы, полковник Есен Альмуханбетович Байыров, сондай-ақ марапат иелері қатысты.
2026 жылғы 28 тамызда Сәтбаев қаласындағы «Қазақмыс Корпорациясы» ЖШС-нің «Батыс» кенішінің №67 шахтасында 140 метр тереңдікте қалып қойған 16 жұмысшыны құтқару және эвакуациялау кезінде көрсеткен ерлігі үшін бірқатар азамат «Құтқару операцияларына белсенді қатысқаны үшін» төсбелгісімен марапатталды.
Марапат иелері:
• «Серіктес» АҚҚ» ЖШС Жезқазған авариялық-құтқару жасағының командирі Каныш Сатыбалдыевич Ибраев; • жедел взводтың бөлімше командирі Исмаил Бауыржанович Аширбеков; • жедел взводтың бөлімше командирі Жолдасбек Каирбекович Исмаилов; • жедел взводтың құтқарушысы Мухаммедәлі Сұңғатұлы Төлегенов; • жедел взводтың құтқарушысы Нурсултан Домалакович Аубакиров.
Сонымен қатар, 2026 жылғы 29 тамызда Жезқазған қаласының Кеңгір ауылында болған өрт кезінде әйел мен үш баланың өмірін құтқаруда батылдық пен жанқиярлық танытқан азаматтарға «Өртте көрсеткен қайсарлығы үшін» медалі табысталды.
Медальмен:
• Ұлытау облысы Полиция департаменті Жылдам қимылдайтын арнайы жасағының аға инспекторы, полиция майоры Асылмұрат Нұрболатұлы Бірімжан; • Жомарт Сейтжанович Оспанов; • Кошкимбай Такейович Слямов; • Ержан Бейсенович Шинхожаев марапатталды. Жиында марапат иелеріне алғыс айтылып, олардың батылдығы мен кәсіби шеберлігі адам өмірін қорғау жолындағы қызметтің үлгісі екені атап өтілді.
Марапат иелеріне зор денсаулық, отбасыларына амандық және қызметтеріне толағай табыс тілейміз!
Негізгі суретке альтернативті мәтін Ұлытау облысында ерлік көрсеткен азаматтарды марапаттау рәсімі Басқа суреттерге альтернативті мәтін Марапаттау рәсімінен көрініс





