Округ мектептерінде алғашқы қоңырау соғылды!

    ·Жаңалықтар мұрағаты
    Округ мектептерінде алғашқы қоңырау соғылды!

    Білім күні мектептерде дәстүрлі түрде әуезді әуен, қошемет пен алғашқы қоңырау үнімен басталды. Бұл күн мектеп табалдырығын алғаш аттаған бүлдіршіндер үшін ерекше толқынысқа толы болды. Өйткені мектеп олар үшін білім мен жаңалықтарға толы жаңа әлемнің есігін ашты.

    Салтанатты шараларға округ әкімі Серік Алимбаев қатысты. Ол ұстаздар мен оқушыларды жаңа оқу жылының басталуымен құттықтап, оларға толағай табыс, жарқын жетістіктер мен шығармашылық шабыт тіледі.

    Бүлдіршіндер мектеп туралы өлеңдерін мәнерлеп оқып, жиналған көпшіліктің көңілін көтерді. Ал болашақ түлектер — 11-сынып оқушылары — кішкентай достарына ақ жол тілеп, оларға үлгі әрі сенімді тірек болуға уәде берді.

    Мектеп жолының басталуы мен аяқталуын байланыстыратын бұл символдық сәт баршаға жылулық пен бірлік сезімін сыйлады.

    Білім күніне арналған мерекелік шаралардан кейін округтің барлық мектептерінде сынып сағаттары өткізілді. Тәрбие сағаттарында ұлттық құндылықтар, отансүйгіштік, адалдық, құрмет пен сенімнің адам өміріндегі маңызына ерекше назар аударылды.

    Жаңа оқу жылы білімге, ізгі істерге және үлкен жетістіктерге толы болсын!

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "" жаңалықтары