"Ескелді ауданы Қаратал ауылдық округі әкімінің аппараты" ММ

    Аппарат туралы

    "Ескелді ауданы Қаратал ауылдық округі әкімінің аппараты" (бұдан әрі – Әкімнің аппараты) ауылдық округі әкімінің қызметін ақпараттық -талдау тұрғысынан, ұйымдық -құқықтық және материалдық-техникалық жағынан қамтамасыз етілуін жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады. Әкімнің аппаратында ведомстволары жоқ.Әкімнің аппараты өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқытық актілерге,сондай-ақ ережеге сәйкес жүзеге асырады.

    Жаңалықтар

    Барлық жаңалықтар
    ОтырысАяқталды

    Шаруа немесе фермер қожалығын жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру жөніндегі конкурс

    Жетісу облысы, Ескелді ауданының әкімдігі, Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 43-1 бабында және «Шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру жөніндегі конкурсты ұйымдастыру мен өткізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2018 жылғы 20 желтоқсандағы № 518 бұйрығы негізінде, «Шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру жөніндегі конкурс өткізетіндігі туралы хабарлайды: Конкурсқа қатысу үшін өтінімдерді (конкурстық ұсыныс) қабылдау, жергілікті «Жетісу шұғыласы» газет бетіне жарияланғанан соң күнтізбелік 30 күннен кейін, он бес жұмыс күні ішінде, яғни 2025 жылдың 23-маусымнан 14-шілдеге дейін қабылданады. (040500 Жетісу облысы, Ескелді ауданы, Қарабұлақ ауылы Оразбеков көшесі, 67), Ескелді ауданының әкімдігі №5 кабинетке табыс етеді. Конкурсқа қатысу туралы өтінімдерді қабылдаудың (конкурстық құжаттаманы) соңғы мерзімі: 2025 жылдың 14-шілде айының 18 сағат 30 минутқа дейін. Конкурстық өтінімдер салынған конверттер 2025 жылдың 15-шілде айының 10 сағат 00 минутта мына-мекен жайда ашылады: Жетісу облысы, Ескелді ауданы, Қарабұлақ ауылы Оразбеков көшесі, 67, аудан әкімдігінің үлкен мәжіліс залында. Шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру жөніндегі конкурсқа қатысуға өтінімде : 1) Қазақстан Республикасының мемлекеттік емес заңды тұлғалары үшін – заңды тұлғаның атауы, оның тұрған жері, заңды тұлға ретінде мемлекеттік тіркелуі (қайта тіркелуі) туралы мәліметтер, жарғылық капиталдағы (жарғылық капиталдың жалпы мөлшерінен) үлестерінің мөлшері көрсетіле отырып, өтінім берушінің – заңды тұлғаның басшылары мен қатысушылары немесе акционерлері туралы мәліметтер, өтінім берушінің үлестес тұлғалары туралы мәліметтер; 2) жеке тұлғалар үшін – өтінім берушінің тегі, аты және әкесінің аты (егер ол жеке басын куәландыратын құжатта көрсетілген болса), тұрғылықты жері, азаматтығы, жеке сәйкестендіру нөмірі, өтінім берушінің жеке басын куәландыратын құжат туралы мәліметтер; 3) өтінім беруші үміттеніп отырған жер учаскесінің орналасқан жері; 4) конкурстық ұсыныс; 5) өтінім беруші шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру жөніндегі конкурстың жеңімпазы деп танылған жағдайда, шаруа немесе фермер қожалығын не ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскесін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) шартына қол қою қажеттігі туралы хабарламаны алған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде көрсетілген шартты жасасу жөніндегі міндеттеме қамтылуға тиіс. Шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру жөніндегі конкурсқа қатысуға өтінімді жеке тұлғаның немесе Қазақстан Республикасының мемлекеттік емес заңды тұлғасының уәкілетті өкілдері Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес берілген және ресімделген сенімхаттың негізінде ұсына алады. Конкурстық ұсыныста мынадай құжаттар болуы қажет : 1) бизнес-жоспар (инвестициялардың болжамды көлемі, ауыл шаруашылығы дақылдарын өсіру алаңдары, ауыл шаруашылығы жануарларының мал басы, қолданылатын агротехнологиялар, ауыл шаруашылығы техникасы мен технологиялық жабдықтың, ауыл шаруашылығы саласындағы білікті мамандардың болуы, ашылатын жұмыс орындарының саны); 2) шаруашылықішілік жерге орналастыру жобасын жасау және игеру, ауыл шаруашылығы инфрақұрылымын дамыту іс-шараларын орындау жөніндегі міндеттемелер; 3) ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерді ұтымды пайдалану қағидаларын қоса алғанда, Қазақстан Республикасы жер заңнамасының талаптарын орындау, өңірдің мамандануына сәйкес ауыл шаруашылығы дақылдарының егіс алаңдары құрылымын әртараптандыру бойынша индикативтік көрсеткіштерді орындау, ғылыми негізделген агротехнологияларды, фитосанитариялық және карантиндік талаптарды сақтау жөніндегі міндеттемелер қамтылуға тиіс. Конкурстық ұсыныс, "электрондық үкімет" веб-порталы арқылы беру жағдайларын қоспағанда, беттері нөмірленіп, тігілген түрде, жабық конвертте ұсынылады. Конкурстық ұсыныста өтінім беруші ұсынған міндеттемелер мен бизнес-жоспар шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскесін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) шартының ажырамас бөлігі болып табылады. Сонымен қатар, Конкурстық ұсынысты, "электрондық үкімет" веб-порталы арқылы беру жағдайларын қоспағанда, конкурсқа қатысушы беттері нөмірленіп, тігілген түрде мөрленген немесе өшірілмейтін сиямен жазылған жабық конвертте ұсынады, конкурстық ұсыныстың соңғы беті жеке тұлғалар (немесе сенімді өкіл) үшін - қатысушының қолымен және заңды тұлғалар үшін - бірінші басшының (немесе сенімді өкіл) қолымен және мөрімен (бар болса) куәландырылады. Өтінімде және конкурстық ұсыныста қатысушыға грамматикалық және арифметикалық қателерді түзету қажет болған жағдайларды қоспағанда, жолдар арасында ешқандай кірістірмелер, өшірулер немесе қосып жазулар болмауы тиіс. Конкурстық ұсыныстың жабық конвертінде "шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру жөніндегі конкурс" және " жылғы __________"_____ " дейін ашуға болмайды" (ашудың нақты күні көрсетіледі) деген сөздер жазылады. Ауыл шаруашылығымен айналысатын тұлғалар конкурсқа қатысу үшін қосымша ақпарат пен анықтама алу үшін Ескелді ауданының ауыл шаруашылығы мен жер қатынастары бөліміне (72836) 3-17-68 телефон арқылы хабарласуға болады.( мекен-жайы: Ескелді ауданы, Қарабұлақ ауылы, Сәтпаев көшесі, 65 ғимаратының 3 қабаты 20 кабинет.) Ескелді ауданының ауыл шаруашылығы мен жер қатынастары бөлімі

    23 маусым 2025 ж. – 14 шілде 2025 ж.Тікелей
    Ескелдинский район, с.Карабұлак, ул. Оразбекова №67

    Сұрақ-жауап

    Сұрақ

    Кім атаулы әлеуметтік көмекті алуға құқылы?

    Жауап

    Атаулы әлеуметтік көмек тоқсан сайын (төлем өтініш берген айдан бастап жүзеге асырылады),отбасының барлық мүшелеріне кедейлік шегі мен жан басына шаққандағы орташа табыстың айырмашылығы ретінде тағайындалады (ең төменгі күнкөріс деңгейінің 70%-ы – 23112 теңге); Жан басына шаққандағы орташа табысы кедейлік шегінен аспайтын Қазақстан Республикасының азаматтары, оралмандар, босқындар, Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдар атаулы әлеуметтік көмек алуға құқылы. Адам атаулы әлеуметтік көмек алу үшін өз атынан немесе отбасының атынан тұрғылықты жері бойынша халықты жұмыспен қамту орталығына, ал ауылдық жерде – қала, ауыл, ауылдық округ әкіміне өтінішпен жүгінеді. белгіленген нысаны және жеке басын куәландыратын құжат. атаулы әлеуметтік көмек тағайындалмайды: 1) табысы аз емес, кедейлік шегінен асатын адамдарға (отбасыларға) (23 112 теңге);2) «Мемлекеттiк атаулы әлеуметтiк көмек туралы» Заңның 2-бабының 6-тармағында көрсетiлген адамдарды қоспағанда, еңбекке қабiлеттi мүшесi жұмыспен қамтуға жәрдемдесудiң шараларына қатысудан бас тартқан отбасы – күнiнен бастап алты ай iшiнде; жұмыспен қамтуға жәрдемдесетін шараларға қатысудан бас тарту; 3) алушының кiнәсiнен бұрын жасалған әлеуметтiк келiсiмшарт бұзылған және (немесе) әлеуметтiк келiсiмшартта көзделген мiндеттердi орындамаған жағдайларда адамға (отбасына) - атаулы әлеуметтiк көмек тағайындауға өтiнiш бергенге дейiнгi алты ай iшiнде; 4) атаулы әлеуметтiк көмек тағайындау үшiн көрiнеу жалған мәлiметтер және (немесе) дұрыс емес құжаттарды ұсынған адамдар (отбасылар) табыс етiлген күннен бастап алты ай iшiнде;5) материалдық жағдайын зерттеу нәтижелері бойынша дайындалған жергілікті комиссияның қорытындысы бойынша атаулы әлеуметтік көмекті қажет етпейтін адамдар (отбасылар).

    Ақпарат

    «100 сұрақ – 100 жауап» анықтамалығы

    Жарияланды:
    Ақпарат

    «100 сұрақ – 100 жауап» анықтамалығы

    Жарияланды: