ТҰРҒЫН ҮЙ ҚҰРЫЛЫСЫ БАҚЫЛАУДА

    ·Жаңалықтар мұрағаты
    ТҰРҒЫН ҮЙ ҚҰРЫЛЫСЫ БАҚЫЛАУДА
    Аудан әкімі Ерлан Төралиев Жалағаш кентіндегі «Ақтерек» жер учаскесінде салынып жатқан 50 пәтерлі тұрғын үйдің және Дәуімбай елді мекеніндегі 16 пәтерлі тұрғын үйдің құрылыс жұмыстарымен танысты.
    🔷 Аудан әкімі құрылыс жұмыстарының барысын қарап, нысандардың сапалы әрі белгіленген талаптарға сай салынуы қажеттігін ескертті.
    🔷 Мердігер мекеме мен жауапты сала басшыларына құрылыс жұмыстарын сапалы жүргізу, белгіленген мерзімнен кешіктірмеу және нысандарды уақытылы пайдалануға беру бойынша нақты міндеттер жүктелді.
    🔹 Айта кетейік, «Ақтерек» аумағындағы 50 пәтерлі тұрғын үй кезекте тұрған әлеуметтік осал топтағы азаматтарды баспанамен қамтамасыз ету мақсатында салынуда. Ал Дәуімбай елді мекеніндегі 16 пәтерлі тұрғын үй апатты деп танылған баспаналардың мәселесін шешу мақсатында бой көтеруде.
    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "" жаңалықтары