Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу бойынша семинар

    Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу бойынша семинар

    Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу бойынша семинар

    Ұлытау облысында мемлекеттік органдардың жауапты қызметкерлеріне арналған түсіндіру семинары өтті. Іс-шараны Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ұлытау облысы бойынша департаменті ұйымдастырды.

    Семинарға Департамент басшысының орынбасары Қ.М. Айдархан қатысты.

    Іс-шара барысында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы заңнамаға енгізілген өзекті өзгерістер түсіндіріліп, сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдауды ұйымдастыру және жүргізу тәртібі қарастырылды.

    Негізгі назар сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін уақтылы анықтау және жою, ішкі талдау нәтижелерін дұрыс рәсімдеу, сондай-ақ мемлекеттік органдар қызметінің ашықтығы мен тиімділігін арттыру мәселелеріне аударылды.

    Мұндай іс-шаралар мемлекеттік қызметшілердің құқықтық сауаттылығын арттыруға, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруға және мемлекеттік қызметтегі адалдық, жауапкершілік пен ашықтық қағидаттарын нығайтуға ықпал етеді.

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ЕҢБЕК ЖӘНЕ ХАЛЫҚТЫ ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУ МИНИСТРЛІГІ ХАЛЫҚТЫ ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУ САЛАСЫНДАҒЫ РЕТТЕУ ЖӘНЕ БАҚЫЛАУ КОМИТЕТІНІҢ ҰЛЫТАУ ОБЛЫСЫ БОЙЫНША ДЕПАРТАМЕНТІ" жаңалықтары