«Цифрлы Қазақстан – жемқорлыққа қарсы күрес құралы»
2026 жылғы 3 қыркүйекте «Заң мен тәртіп» қағидатын ілгерілету мақсатында Балқаш қаласының мәжбүрлеп орындату аумақтық бөлімінде қызметкерлер арасында «Цифрлы Қазақстан – жемқорлыққа қарсы күрес құралы» тақырыбында семинар өткізілді.
Іс-шара барысында цифрландырудың мемлекеттік қызметтердің ашықтығын арттырудағы, сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін төмендетудегі және азаматтардың құқықтарын қорғаудағы маңызы талқыланды.
Семинардың негізгі мақсаты – қызметкерлердің құқықтық санасы мен жауапкершілігін арттыру, заң талаптарын қатаң сақтау және қызметтік міндеттерді адал әрі ашық орындау қағидаттарын нығайту.
Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз
Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.








