
2026 жылғы 11 қыркүйекте Агенттіктің құрылымдық бөлімшелерінің, Атомдық қадағалау және бақылау комитетінің және Оңтүстік өңіраралық инспекцияның мемлекеттік қызметшілері арасында «Мемлекеттік қызметшілердің құмар ойындарға қатысуына және ойын-сауық орындарына баруына, есірткі психотроптық заттарды және алкогольге тәуелді болуына жол бермеудің профилактикасы» тақырыбында семинар өткізілді».
Осы кездесуде Агенттіктің әдеп жөніндегі уәкілі Н.Н. Джалпақов семинарды ашып, шақырылған лекторларға Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасы жанындағы Құқық қорғау органдары академиясының Жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру институты арнайы заң пәндері кафедрасының доценті, заң ғылымдарының кандидаты Д.Т. Амуртаеваға және осы институттың әлеуметтік-гуманитарлық рәсімдер кафедрасының оқытушысы А.С. Карымсаковаға сөз берді.
Өз сөздерінде лекторлар мазмұнды презентациялық материал ұсынып, осы тақырыпқа қатысты проблемалық мәселелерді психологиялық аспектілер және құқықтық салдарлар тұрғысынан ашып көрсетті, қоғамдағы заманауи сын-қатерлерді түсіндірді. Семинар барысында мемлекеттік қызметшілер өздерін қызықтырған сұрақтарды қойып, оларға толық жауаптар алды. Дәріс пікірталас форматында өтті.
Қосымша өз сөзінде Н.Н. Джалпақов мемлекеттік қызметшілердің құмар ойындарға қатысуына және ойын-сауық орындарына баруына, есірткі психотроптық заттарды қолдануына тыйым салынғанын және алкогольге тәуелділікке жол бермеу қажеттігін, сондай-ақ Агенттікте және ведомстволық бағынысты ұйымдарда өткізілетін профилактикалық іс-шаралар туралы атап өтті.
Семинар соңында қатысушылар лекторларға мазмұнды әрі қызықты семинар өткізгені үшін алғыстарын білдірді .









