Семейде ядролық қауіпсіздік, атом энергиясын бейбіт мақсатта пайдалану және өңірлік ынтымақтастық мәселелеріне арналған WINCA жыл сайынғы форумы өтті

    Семейде ядролық қауіпсіздік, атом энергиясын бейбіт мақсатта пайдалану және өңірлік ынтымақтастық мәселелеріне арналған WINCA жыл сайынғы форумы өтті

    Өткен аптада Семей қаласында WINCA — «Семей форумы: ядролық қауіпсіздікті дамыту, атом энергиясын бейбіт мақсатта пайдалану және өңірлік ынтымақтастық» атты жыл сайынғы кездесу өтті.

    Форумның панельдік сессиясында ҚР Атом энергиясы жөніндегі агенттігінен Стратегиялық жоспарлау департаментінің директоры Айбек Қабылдин «Қазақстанның атом саласын дамытудың ұзақ мерзімді стратегиясы» тақырыбында сөз сөйледі.

    Форум сарапшылар, мемлекеттік органдар, академиялық қоғамдастық өкілдері, студенттер мен жас мамандар арасында ядролық қауіпсіздік, ядролық ғылым мен технологияларды бейбіт қолдану, кадрлық әлеуетті дамыту, өңірлік ынтымақтастық және ядролық қауіпсіздік саласындағы халықаралық нормаларды іске асыру мәселелері бойынша пікір алмасу үшін өңірлік алаң ретінде ұйымдастырылды.

    Форумды миддлбери халықаралық зерттеулер институты жанындағы Джеймс Мартин атындағы Ядролық қаруды таратпау саласындағы зерттеулер орталығы (CNS) «Қазақстанның ядролық қоғамы» қауымдастығымен және «Шәкәрім университеті» КЕАҚ-мен серіктестікте өткізді.

    Бағдарлама сонымен қатар Қазақстанның Ұлттық ядролық орталығына және бұрынғы Семей сынақ полигонына техникалық сапарды қамтыды.

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Қазақстан Республикасының Атом энергиясы жөніндегі агенттігі" жаңалықтары