Шет ауданы - тарихы бай өлке.

    Тарихы терең, тағылымы мол Шет ауданы. Шет ауданы бойынша инфотур аяқталды!
    Өңірдің туристік әлеуетін ілгерілету мақсатында Шет ауданының қызықты әрі көпшілікке әлі де толық таныла қоймаған жерлерімен танысу үшін ақпараттық тур ұйымдастырылды. Инфотурдың негізгі мақсаттарының бірі – жаңа туристік мүмкіндіктерді зерделеп, болашақ туристік маршруттарды қалыптастыруға перспективалы бағыттарды анықтау.
    Сапар барысында өлкенің тарихы мен мәдениетінің, табиғаты мен өндірістік мұрасының сан қырын көруге мүмкіндік болды. Атап айтқанда:
    Талды тарихи-археологиялық кешені
    Сазанбай батырға арналған ескерткіш
    Сарысу байыту фабрикасының қирандылары
    «Ортау» этноауылы
    Ағыбай батыр кесенесі
    Ежелгі тарихи-мәдени мұраның маңызды нысандарының бірі саналатын Шұнақ петроглифтері саралды.
    Бұл сапар – тарих, мәдениет, табиғат және өндірістік мұра тоғысқан мазмұнды саяхат болды.
    Сапар барысында танысқан әрбір нысан Шет ауданының өзіндік ерекшелігін, бай тарихы мен мәдени мұрасын жаңа қырынан танытып қана қоймай, болашақ туристік маршруттардың бір бөлігіне айналу мүмкіндігін көрсетті.

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Қарағанды облысы Шет ауданы Бұрма ауылдық округі әкімінің аппараты" жаңалықтары