
✔️Ордабасы ауданында кәмелетке толмағандардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау, жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтардың алдын алу және әлеуметтік қолдауды қажет ететін отбасылармен жұмысты күшейту мәселелері талқыланды.
Осыған байланысты аудан әкімдігі жанындағы кәмелетке толмағандардың ісі және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссияның кезекті отырысы өтті.
✔️Жиынды аудан әкімінің орынбасары Илиям Тұрнияз жүргізді. Отырысқа комиссия мүшелерімен қатар ауылдық округ әкімдері, полиция және әлеуметтік сала өкілдері қатысты.
✔️Күн тәртібінде жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтардың алдын алу бойынша атқарылып жатқан профилактикалық жұмыстардың барысы қаралды.
✔️Аудандық полиция басқармасының кәмелетке толмағандар жөніндегі тобы бастығының орынбасары, полиция полковнигі Асқар Манапов баяндама жасап, жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтардың алдын алу бағытында жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы ақпарат берді.
✔️Комиссия отырысында профилактикалық жұмыстың тек құқық бұзушылық орын алғаннан кейін емес, оның алдын алуға бағытталуы қажеттігіне назар аударылды. Бұл ретте жасөспірімнің ортасын, отбасындағы ахуалды және әлеуметтік жағдайын зерделеу маңызды екені айтылды.
✔️Сонымен қатар, өмірлік қиын жағдайға тап болған азаматтар мен отбасыларды ерте анықтау, оларды тиісті әлеуметтік қолдау шараларымен қамту мәселесі талқыланды.
«Отбасын қолдау орталығы» КММ директоры Асылбай Ыдырысов атқарылған жұмыстар туралы баяндап, әлеуметтік қолдауды қажет ететін отбасылармен жүргізіліп жатқан жұмыстарға тоқталды.
✔️Отырыста көтерілген мәселелер бойынша жауапты сала өкілдері пікір алмасып, алдағы міндеттер айқындалды.
✔️Комиссия мүшелері кәмелетке толмағандардың құқықтарын қорғау бағытындағы жұмысты формалды шаралармен шектемей, әр баланың жағдайына жеке қарау қажеттігін атап өтті. Сондай-ақ проблемалық отбасыларды ерте анықтау, олармен тұрақты жұмыс жүргізу және жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу шараларын күшейту тапсырылды.
Ордабасы ауданы әкімінің баспасөз қызметі









