
Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің Қызылорда облысы бойынша өкілі Берікбол Байхожаев жоспарға сәйкес Қызылорда облысының білім басқармасының «№5 көру қабілеті бұзылған балалардың арнайы (түзету) мектеп-интернаты» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде мониторингтік бару жүргізді.
Бару барысында мекеменің материалдық-техникалық жай-күйі, бейнекамералардың жұмыс істеу жағдайы, балалардың жатын бөлмелерінің, сыныптарының жабдықталуы, санитариялық-гигиеналық талаптардың сақталуы және де жиһаздармен қамтамасыз етілуі зерделенді.
Мониторинг қорытындысымен анықталған кемшіліктер бойынша уәкілетті мемлекеттік органдарға тиісті ұсынымдар жолданатын болады.








