Алматыда заңсыз салынған автокөлік жуу орны бұзылды

    Алматыда заңсыз салынған автокөлік жуу орны бұзылды

    Қала құрылысын бақылау басқармасы өкілдерінің мәліметінше, заңсыз салынған нысан Алғабас шағынауданында, Ф. Оңғарсынова көшесі, 80/1 мекенжайында орналасқан.

    Бұған дейін жоспардан тыс тексеру аясында нысан иесіне қатысты әкімшілік шара қабылданып, анықталған заңбұзушылықтарды жою туралы нұсқама берілген. Алайда нұсқама орындалмаған.

    Осыдан кейін материалдар Алматы қаласының Әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотына жолданды.

    Алматы қаласының Әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының қаулысымен нысан иесі кінәлі деп танылып, құрылысты мәжбүрлеп бұзу туралы шешім шығарылды.

    Бүгінде нысан иесі құрылысты өз еркімен бұзды.

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Алматы қаласының әкімдігі" жаңалықтары