Ботақара кентінде күзгі екі айлық сенбіліктер басталды

    Ботақара кентінде күзгі екі айлық сенбіліктер басталды

    2026 жылғы 12 қыркүйектен бастап Ботақара кентінде абаттандыру және санитарлық тазалықты қамтамасыз ету мақсатында күзгі екі айлық аясындағы сенбіліктер басталды. Сенбілікке бөлімдер мен мекеме басшылары бастаған ұйымдардың қызметкерлері, сондай-ақ кент тұрғындары белсенді қатысты. Қатысушылар өздеріне бекітілген аумақтарды тазалап, жиналған қоқыстарды шығарды және айналаны ретке келтірді. Тазалық жұмыстарының басты мақсаты – кент аумағын абаттандыру, санитарлық жағдайды жақсарту және қоршаған ортаның тазалығын сақтау.

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Қарағанды облысы Бұқар жырау ауданы Ботақара кентінің әкімдігі" жаңалықтары