Қарағанды облысы Бұқар жырау ауданы Ботақара кентінің әкімдігі

    Әкімдік туралы

    Ботақара кенті Бұқар жырау ауданының орталығында орналасқан. Кент солтүстікте Ботақара ауылы, шығыста Керней ауылы, оңтүстік-батыста Тоғызқұдық ауылының жерлерімен шектеседі.

    Әкімшілік-аумақтық бөлінісі бойынша - Ботақара кенті және Ботақара стансасы. Ботақара кенті аумағының жалпы ауданы 12 479 гектар. Халық саны - Ботақара кенті 6466 адам, Ботақара стансасында 68 адам.

    "Қарағанды облысы Бұқар жырау ауданы Ботақара кенті әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының жергілікті өзін-өзі басқару саласында басшылықты жүзеге асыратын, аудан әкімінің қызметін ақпараттық-талдамалық, ұйымдастырушылық-құқықтық және материалдық-техникалық қамтамасыз етуді жүзеге асыратын мемлекеттік органы болып табылады.