ЖРВИ және тұмаудың алдын алу бойынша семинар өткізілді

    ЖРВИ және тұмаудың алдын алу бойынша семинар өткізілді

    2026 жылғы 8 қыркүйекте Қарағанды-Сұрыптау станциясында Қарағанды бөлімшелік көліктегі санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының мамандары дара кәсіпкерлер арасында «2026–2027 жылдардың эпидемиялық маусымында тұмау, жіті респираторлық вирустық инфекциялар (ЖРВИ) және COVID-19 коронавирус инфекциясы жөніндегі санитариялық-эпидемияға қарсы, санитариялық-профилактикалық іс-шараларды жүргізу туралы» 2026 жылғы 26 тамыздағы № 11-ПГСВ қаулысының (бұдан әрі – Қаулы) талаптарын түсіндіру бойынша семинар өткізді. Семинардың мақсаты – Қаулының талаптарын бірыңғай түсіндіру және қатысушыларды аса қауіпті инфекциялардың, атап айтқанда Конго-Қырым геморрагиялық қызбасы мен бүйрек синдромы бар геморрагиялық қызбаның ерекшеліктерімен таныстыру. Іс-шара соңында қатысушыларға жұқпалы аурулардың, ЖРВИ мен тұмаудың алдын алу бойынша жадынамалар мен буклеттер таратылды.

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Көліктегі санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті" жаңалықтары