Қарағанды облысында санитариялық-эпидемиологиялық қызмет жұмыскерінің күні ерекше құрметпен аталып өтті

    ·Жаңалықтар мұрағаты
    Қарағанды облысында санитариялық-эпидемиологиялық қызмет жұмыскерінің күні ерекше құрметпен аталып өтті

    11 қыркүйекте Достық үйінде Қарағанды облысының санитариялық-эпидемиологиялық қызмет жұмыскерінің кәсіби мерекесіне арналған салтанатты іс-шара өтті.

    Салтанатты шараға 400-ден астам адам қатысты. Олардың қатарында Қарағанды облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті мен оның аумақтық басқармаларының, Ұлттық сараптама орталығының қызметкерлері, санитариялық қызмет ардагерлері, басқа да мемлекеттік органдар мен медициналық ұйымдардың өкілдері, сондай-ақ Қарағанды медицина университетінің студенттері болды.

    Іс-шара әр буын мамандарын біріктірген маңызды алаңға айналды. Бір залда санитариялық-эпидемиологиялық қызметтің қазіргі қызметкерлері, сала ардагерлері және болашақ мамандар – медицина университетінің студенттері бас қосты. Бұл кәсіби дәстүрлердің, тәжірибе мен білімнің сабақтастығын, , сондай-ақ халық денсаулығын сақтаудағы санитариялық-эпидемиологиялық қызметтің маңыздылығын айқын көрсетті.

    Мерекелік шараның ерекше әрі маңызды сәттерінің бірі – саланың үздік өкілдерін марапаттау рәсімі болды.

    Салтанатты жиынды Қарағанды облысы әкімінің орынбасары Ораз Қайсаұлы Тәуірбеков құттықтау сөзбен ашып, санитариялық-эпидемиологиялық қызмет мамандары еңбегінің маңыздылығын, олардың жоғары кәсібилігін, жауапкершілігін және өңірдегі санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылықты қамтамасыз етуге қосқан үлесін ерекше атап өтті. Ораз Қайсаұлы Тәуірбеков сала қызметкерлеріне кәсіби еңбегі мен жетістіктері үшін Қарағанды облысы әкімінің Құрмет грамоталарын салтанатты түрде табыстады.

    Бірқатар сала мамандарын адал еңбегі, мамандыққа деген адалдығы және саланың дамуына қосқан елеулі үлесі үшін Қарағанды облыстық мәслихатының төрағасы атынан Арман Әлімжанов Алғыс хаттармен марапаттады.

    Қарағанды облысының бас мемлекеттік санитариялық дәрігері Юрий Залыгин қызметкерлерге лайықты кәсіби марапаттарды – Қазақстан Республикасының «Денсаулық сақтау үздігі» төсбелгісін, Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің грамоталарын, сондай-ақ Қарағанды облысының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің грамоталары мен Алғыс хаттарын табыс етті.

    Жалпы, салтанатты іс-шара аясында 40 маман лайықты марапаттарға ие болды.

    Бұл – жай ғана сан емес, өздерін аса маңызды іске – халық денсаулығын қорғауға арнаған мамандардың адал қызметінің жемісі. Олардың күнделікті еңбегі жоғары жауапкершілікті, терең білімді, ұстамдылықты және күш-жігерді талап етеді. Дәл осындай мамандардың арқасында санитариялық-эпидемиологиялық қызмет өзінің негізгі миссиясын – қауіп-қатерлердің алдын алып, халық денсаулығын сақтауды сенімді түрде жүзеге асырып келеді.

    Іс-шара барысында санитариялық-эпидемиологиялық қызмет ардагерлеріне де ерекше құрмет көрсетілді. Олардың көп жылғы кәсіби қызметі, баға жетпес білімі, тәжірибесі мен өз ісіне деген адалдығы сала тарихының ажырамас бөлігіне, оның дамуының берік негізіне және мамандардың жаңа буынын тәрбиелеудің маңызды іргетасына айналғаны анық.

    Мерекелік шараны әрі қарай облыстық шығармашылық ұжымдар мен өнерпаздардың қатысуымен өткен концерттік бағдарламаға ұласты. «Аққу» фольклорлық-хореографиялық ансамблі, «Мерей» ансамблі және басқа да өнерпаздардың жарқын вокалдық, аспаптық және хореографиялық қойылымдары салтанатты іс-шараның қорытындысын әсем әсерге бөледі.

    Барша сала мамандарын кәсіби мерекелерімен құттықтаймыз!

    Сіздерге зор денсаулық, амандық, кәсіби жетістіктер мен жаңа белестер тілейміз! Жауапты әрі абыройлы еңбектеріңіз әрдайым лайықты бағаланып, іске деген адалдықтарыңыз бен халық денсаулығына деген қамқорлықтарыңыз өңіріміздің әл-ауқатының маңызды негізі болып қала берсін!

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "" жаңалықтары