
2026 жылғы 13 қыркүйекте Целиноград ауданында Қоянды ауылы әкімінің сайлауы өтті. Сайлау Қазақстан Республикасы «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңына сәйкес және сайлау заңнамасының барлық талаптарын сақтай отырып өткізілді.
Целиноград аудандық аумақтық сайлау комиссиясының мәліметінше, сайлаушылар тізіміне белсенді сайлау құқығына ие 6422 азамат енгізілді. Дауыс беруге 605 сайлаушы қатысты.
Дауыс беру қорытындысы бойынша кандидаттар келесі нәтижелерге қол жеткізді:
Әнәпияев Е.Б. – 9 дауыс;
Нұрхан Қ. – 94 дауыс;
Хавджалел Х. – 474 дауыс.
Сайлау нәтижесінде Хавджалел Хасамхан, 1983 жылы туған, өзін-өзі ұсыну тәртібімен сайлауға қатысқан кандидат Қоянды ауылының әкімі болып сайланды.
Жаңадан сайланған әкімді тұрғындардың сеніміне ие болуымен құттықтай отырып, оған Қоянды ауылының дамуы мен тұрғындарының әл-ауқатын арттыру жолындағы қызметіне табыс тілейміз.








