
📌7-11 қыркүйек аралығында Балалардың құқықтарын қорғау басқармасының мамандары «Балалардың құқықтарын қорғау бойынша жағдайды басқару» оқыту курсына қатысты.
Курс аясында қатысушылар жағдайды басқарудың негізгі кезеңдерін - жағдайды анықтаудан және баланың қажеттіліктерін бағалаудан бастап, жеке көмек жоспарын әзірлеуге дейін егжей-тегжейлі қарастырды.
📍Практикалық сабақтарға: кейстерді талдауға, топтарда жұмыс істеуге, әртүрлі жағдайларды модельдеуге және ведомствоаралық өзара іс-қимыл мәселелеріне ерекше назар аударылды.
Мұндай оқытулар мамандарға кәсіби дағдыларын жетілдіруге, тәжірибе алмасуға және балалардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғаудың тиімді тәсілдерін табуға көмектеседі.
Алынған білім мен практикалық құралдарды Басқарма мамандары балалармен және отбасылармен одан әрі жұмыс барысында қолданатын болады.








