
«Байқоңыр» ауданында өткен жылы отырғызылған 80 түп алма және алмұрт ағашы биыл алғашқы жемісін берді.
Жас көшеттер Ж. Тәшенов көшесіндегі сквер аумағына отырғызылған болатын. Бір жыл ішінде ағаштар жақсы бейімделіп, биыл алғашқы жемістерімен аудан тұрғындарын қуантты.
Абаттандыру және көгалдандыру жұмыстары ауданның қоғамдық кеңістіктерін көркейту аясында жүргізіліп, тұрғындар үшін қолайлы әрі жайлы қалалық орта қалыптастыруға бағытталған.
Сонымен қатар, күзгі көгалдандыру жұмыстары аясында аудан аумағындағы көшелер мен қоғамдық кеңістерде тағы 500-ге жуық жасыл желек отырғызу жоспарлануда.
Ауданда жасыл желектерді күтіп-баптау және аумақтарды одан әрі көгалдандыру жұмыстары жүйелі түрде жалғасуда.








