ШҚО-да туристік сала өкілдеріне арналған байқау жарияланды

    ШҚО-да туристік сала өкілдеріне арналған байқау жарияланды

    Шығыс Қазақстан облысында кәсіпкерлер мен туристік сала өкілдеріне арналған «ҚАЗАҚСТАНДЫҚ АЛТАЙ – ӘСЕРЛЕР МЕКЕНІ» байқауы жарияланды. Байқау Дүниежүзілік туризм күніне орай ұйымдастырылып отыр.

    ШҚО Туризм және инвестициялар басқармасы ұйымдастырып отырған байқаудың мақсаты – өңірдің туристік әлеуетін сапалы дамытуға және ілгерілетуге үлес қосып жүрген үздік туристік сала өкілдерін анықтап, ынталандыру.

    Байқау алты номинация бойынша өтеді: «2026 жылғы ШҚО-ның үздік қонақ үйі»; «2026 жылғы ШҚО-ның үздік демалыс базасы»; «2026 жылғы ШҚО-ның үздік сауықтыру нысаны»; «2026 жылғы ШҚО-ның үздік туроператоры»; «2026 жылғы ШҚО-ның туризм саласындағы үздік блогері»; «Туризмді дамыту мәселелерін белсенді жариялағаны үшін».

    Байқауға қатысу үшін өтінімдерді 2026 жылғы 21 қыркүйекке дейін тапсыру қажет.

    Конкурс туралы ереже сілтеме бойынша орналастырылған: https://www.gov.kz/memleket/entities/tourism-vko/documents/details/1065647?lang=kk

    Өтінімдер тиісті номинациялар бойынша Google Forms арқылы мына сілтеме бойынша қабылданады: https://forms.gle/7dMD2M4XGSxVpywd9

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі" жаңалықтары