«АЛТЫН ДІҢГЕК» – ОТБАСЫ ӨНЕГЕСІ ҰРПАҚҚА ҮЛГІ

    «АЛТЫН ДІҢГЕК» – ОТБАСЫ ӨНЕГЕСІ ҰРПАҚҚА ҮЛГІ

    Отбасы күніне орай ауданымызда «Алтын діңгек» атты тағылымды шара өтті.

    Шараның мақсаты – берекелі шаңырақ қалыптастырып, ұзақ жылдар бойы тату-тәтті ғұмыр кешкен отбасылардың өнегесін дәріптеу және отбасы құндылықтарын жас ұрпаққа насихаттау.

    Кездесуде отасқандарына 25 жыл толған Қожабаевтар, Сүйесіновтер және Бакировтер отбасылары, сондай-ақ 50 жыл бірге ғұмыр кешіп, Алтын тойларын атап отырған Аманбековтер отбасы құрметке бөленді.

    Шараға аудан әкімінің орынбасары Н. Адаев, ардақты аналар, жастар мен қоғам белсенділері қатысып, мерейтой иелеріне ізгі тілектерін білдірді.

    Өнегелі отбасыларға аудан әкімінің Алғыс хаттары табысталып, арнайы статуэткалар мен естелік сыйлықтар тарту етілді.

    Отбасы – қоғамның берік негізі. Ал татулық пен сыйластыққа негізделген өнегелі шаңырақ – кейінгі ұрпаққа үлгі.

    Мерейтой иелеріне ұзақ ғұмыр, зор денсаулық, шаңырақтарына амандық пен береке тілейміз!

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Байғанин ауданының әкімдігі" жаңалықтары