«ЗАҢ МЕН ТӘРТІП» ҚАҒИДАТЫ АЯСЫНДА ТҰРҒЫНДАРҒА ТЕГІН ҚҰҚЫҚТЫҚ КӨМЕК КӨРСЕТІЛДІ

    «ЗАҢ МЕН ТӘРТІП» ҚАҒИДАТЫ АЯСЫНДА ТҰРҒЫНДАРҒА ТЕГІН ҚҰҚЫҚТЫҚ КӨМЕК КӨРСЕТІЛДІ

    Мемлекет басшысы айқындаған «Заң мен тәртіп» қағидатын іске асыру, тұрғындардың құқықтық сауаттылығын арттыру және азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауға қолдау көрсету мақсатында Байғанин ауданының орталығы Қарауылкелді ауылында «Заң керуені» республикалық әлеуметтік акциясы өтті.

    Акция аясында аудан тұрғындары өздерін толғандырған мәселелер бойынша құқық қорғау және мемлекеттік органдардың өкілдеріне тікелей жүгініп, тегін құқықтық кеңес алды.

    Қабылдау барысында жер қатынастары, әлеуметтік қамсыздандыру, еңбек құқықтары, тұрғын үй, кәсіпкерлік, салық салу, отбасы құқығы, атқарушылық іс жүргізу және өзге де мәселелер бойынша азаматтардың сауалдары қаралды. Тұрғындарға қолданыстағы заңнама талаптары түсіндіріліп, көтерілген мәселелерді шешудің заңды жолдары бойынша тиісті бағыт-бағдар берілді.

    Іс-шараға Байғанин ауданының прокуроры Ерлан Бахытов, аудан әкімінің орынбасары Нұржан Адаев, сондай-ақ мемлекеттік органдардың жауапты өкілдері мен сала мамандары қатысты.

    Мұндай ашық қабылдаулар тұрғындар мен мемлекеттік органдар арасындағы тікелей байланысты нығайтып, азаматтардың өз құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау тетіктерін тереңірек түсінуіне мүмкіндік береді.

    «Заң керуені» акциясы қоғамда заң үстемдігін нығайтуға, құқық бұзушылықтардың алдын алуға және заңға құрметпен қарау мәдениетін қалыптастыруға бағытталған.

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Байғанин ауданының әкімдігі" жаңалықтары