Солтүстік Қазақстан облысында семинар өтті

    Солтүстік Қазақстан облысында семинар өтті
    📌 СҚО санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінде Ұлттық қоғамдық денсаулық сақтау орталығы сарапшыларының жұмыс сапары аясында Департамент пен аумақтық басқармалардың мамандарына арналған семинар өтті.
    ⚡️ Іс-шара Департамент басшысының орынбасары А.С. Күшбасовтың төрағалығымен ұйымдастырылды.
    🔹 Семинар тақырыбы — «Атмосфералық ауа мен ауыз судың химиялық ластану факторларының халық денсаулығына әсерін бағалау мәселелері».
    📌 Баяндамамен «Ұлттық қоғамдық денсаулық сақтау орталығы» ШЖҚ РМК филиалының профилактикалық медицина, гигиена және экология зертханасының меңгерушісі А.Т. Досмұханов сөз сөйледі.
    ⚡️ Семинар барысында қоршаған ортаның химиялық факторларының халық денсаулығына әсерін бағалау, атмосфералық ауа мен ауыз судың сапасы, сондай-ақ экологиялық тәуекелдерді бағалау мәселелері қаралды.
    ⚡️ Санитариялық-эпидемиологиялық қызмет мамандарының жұмысында тәуекелді бағалау әдістерін практикалық қолдануға ерекше назар аударылды.
    ⚡️ Жұмыс сапары аясында «Денсаулықты нығайтатын мектептер», «Салауатты университеттер» және «Салауатты жұмыс орындары» бағыттары бойынша профилактикалық бастамаларды іске асыру, сондай-ақ өңірдегі ұйымдармен және өнеркәсіптік кәсіпорындармен одан әрі өзара іс-қимыл мәселелері талқыланды.
    🤝 ҰҚДО сарапшыларының жұмыс сапары тәжірибе алмасуға, мамандардың кәсіби құзыреттілігін арттыруға және халық денсаулығына әсер ететін қоршаған орта факторларын бағалау тәсілдерін жетілдіруге бағытталған.
    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Солтүстік Қазақстан облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті" жаңалықтары