Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитетінің Алматы облысы бойынша департаменті·Жаңалықтар мұрағаты

Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы бақылау бөлімінің мамандарымен Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексі талаптарына сәйкес Қарасай ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінде жоспардан тыс тексеру жүргізілді. Тексеру барысында жүріп-тұруы қиын I топтағы мүгедектігі бар адамдарға жеке көмекші қызметін көрсету кезінде заңнама талаптарының бұзылғаны анықталды.
Тексеру қорытындысы бойынша анықталған бұзушылықтарды жою туралы нұсқама берілді. Нұсқаманың орындалуы Департаменттің бақылауында.
Бақылау іс-шаралары мүгедектігі бар адамдардың заңды құқықтарын қамтамасыз етуге және әлеуметтік қорғау саласында көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің сапасын арттыруға бағытталған.









