
Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданы Шағалалы ауылдық округі әкімінің аппаратында Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің Әдеп кодексінің талаптарын сақтау мәселелері бойынша мемлекеттік қызметшілер арасында аппараттық кеңес өткізілді.
Кеңес барысында қызметтік әдепті сақтау, қызметтік автокөлікті қызметтік емес мақсаттарда пайдалануға жол бермеу, қоғамдық орындарда мас күйінде болу, мемлекеттік қызметтің беделіне нұқсан келтіретін мінез-құлық және басқа да мәселелер қаралды.
Кеңес қорытындысы бойынша қатысушыларға заңнама талаптары мен қызметтік әдеп нормаларын сақтау бойынша тиісті түсініктемелер мен ұсынымдар, сондай-ақ имиджге нұқсан келтіретін және Мемлекеттік қызметтің беделіне нұқсан келтіретін іс-әрекеттер мен мінез-құлық үшін жауапкершілік туралы ескертулер берілді.





