Түркістан облысында жаңа вирусологиялық зертхана ашылды

    Түркістан облысында жаңа вирусологиялық зертхана ашылды

    2026 жылғы 10 қыркүйекте Түркістан қаласында Санитариялық-эпидемиологиялық қызмет жұмыскері күні мен Қазақстан Республикасы тәуелсіздігінің 35 жылдығына орай жаңа вирусологиялық зертхананың ашылу салтанаты өтті.

    Іс-шараға ҚР Денсаулық сақтау министрінің бірінші орынбасары Т.С.Сұлтанғазиев, ҚР Бас мемлекеттік санитариялық дәрігері С.С.Бейсенова, Пандемиялық қордың өкілі Елена Гордильо-Тобар, ДДҰ Қазақстандағы өкілі доктор Скендер Сыла, БҰҰ Даму бағдарламасының Қазақстандағы Тұрақты өкілінің орынбасары Сухроб Ходжиматов, Түркістан облысы әкімінің бірінші орынбасары З.С.Жолдасов, сондай-ақ мүдделі ұйымдардың өкілдері қатысты.

    Өңірде жаңа вирусологиялық зертхананың ашылуы Пандемиялық қордың қолдауының арқасында мүмкін болды. Зертхананың құрылуы өңірдің пандемияларға дайындықтың негізгі бағыттарын дамыту мүмкіндіктерін кеңейтеді. Олардың қатарында эпидемиологиялық қадағалау, зертханалық әлеуетті нығайту және халық денсаулығына төнетін қауіп-қатерлерге жедел ден қою бар.

    Қазақстан сияқты аумағы кең, елді мекендер арасындағы қашықтық едәуір болуы мүмкін мемлекет үшін заманауи вирусологиялық зертхананың тікелей өңірде болуы инфекциялық ауруларды ерте анықтау және олардың таралуын бақылау үшін аса маңызды.

    Осы уақытқа дейін Түркістан облысының өз вирусологиялық зертханасы болмағандықтан, биологиялық үлгілерді Шымкент пен Алматы қалаларына жіберуге тура келді. Зертхананың ашылуы өңірдегі санитариялық-эпидемиологиялық қадағалау жүйесін нығайту үшін уақытылы әрі қажетті қадам болып табылады.

    Жаңа зертхананың жұмысы нәтижесінде биологиялық материалды алған сәттен бастап зерттеу нәтижелерін алғанға дейінгі уақыт қысқарады. Бұл қажетті шешімдерді уақтылы қабылдауға және халық денсаулығына төнетін жаңа қауіп-қатерлерге жедел ден қоюға мүмкіндік береді.

    Қазақстандағы Пандемиялық қор жобасын іске асыруға белсенді қатысып, қолдау көрсеткен ДДҰ-ға, БҰҰ Даму бағдарламасына және барлық әріптестерімізге шынайы алғысымызды білдіреміз.

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігінің Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті" жаңалықтары