ЖАНҰЯМ–ҚОРҒАНЫМ, АТА–АНАМ–ТІРЕГІМ!

    ЖАНҰЯМ–ҚОРҒАНЫМ, АТА–АНАМ–ТІРЕГІМ!

    Отбасы күніне орай Шымкент қаласының орталықтандырылған балалар кітапханалар жүйесіне қарасты №8 кітапхана бөлімшесінде №13 мектептің 2, 3 «д», 6, 7 «а», 7 «г» сынып оқушылары мен ата–аналарының қатысуымен «Жанұям–қорғаным, ата–анам–тірегім» атты пікірталас өтті.

    Іс-шараның негізгі мақсаты–отбасындағы татулық пен сыйластықты дәріптеу, ата-ана мен бала арасындағы өзара түсіністікті нығайту және бала тәрбиесіндегі отбасының маңызын айқындау.

    Іс-шара барысында «Тату отбасы–бақытты бала» тақырыбында ой бөлісіп, отбасындағы сыйластық пен өзара түсіністіктің маңызы талқыланды. «Адам. Үй. Отбасы» тренингтік ойыны ұйымдастырылып, қатысушылар қызықты тапсырмалар арқылы отбасылық құндылықтарды тереңірек түсінді.

    Сонымен қатар, «Зорлық–зомбылықсыз отбасы – қауіпсіз балалық шақ» тақырыбында пікір алмасып, балаға мейіріммен қарау, қауіпсіз орта қалыптастыру мәселелері қозғалды. «Күн шуақ» ойыны арқылы мейірім, достық, сыйластық секілді ізгі құндылықтардың мәні ашылды.

    Шара соңында әндер шырқалып, «Жанұям–қорғаным, ата–анам– тірегім» атты кітап көрмесіне шолу жасалды. Отбасы – мейірімнің мекені, татулықтың тірегі, бақыттың бастауы!

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    ""Шымкент қаласының ішкі саясат басқармасы" КММ" жаңалықтары